Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астанада журналистер доп тепті

30 қараша 2012, 11:16

Республикалық «Халық сөзі» газетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында БАҚ арасында шағын футбол турнирі өтті. Тәуелсіздік мерекесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған футбол додасында «Астана» радиосына қарсылас шақ келмеді.
Турнирге барлығы 12 команда тірке­ліп, бірінші кезеңде ұжымдар төрт топқа бөлінді.
А тобы: «Хабар», «31-арна», «Халық сөзі».
Ә тобы: «Қазақ радиосы», «Астана» арнасы, «Астана» журналы.
Б тобы: «Астана ақшамы» мен «Ұлт таймс» газеттері, «Астана радиосы».
В тобы: «Егемен Қазақстан» газеті, «Қазақстан» ТРК, «7-арна».
Нәтижесінде, өз топтарынан үздік шық­қан «Халық сөзі», «Астана» журналы, «Ас­тана радиосы» және «Қазақстан» ұлт­тық арнасының командалары жартылай финалға шығып, ақтық айқасқа берілер қос жолдаманы сарапқа салды.
Финалға алдымен «Халық сөзі» газеті шықты. Бұлар жартылай финалда «Аста­на» журналымен кездескен. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, футболшылар пе­наль­тиге жүгінді. Сөйтіп, жолы болған тур­нир ұйымдастырушылары финалдағы қар­сыласын күтті. Дегенмен екінші жұптың ойы­ны аса тартысты өткен жоқ. Тізгінді бір­ден қолдарына алған «Астана» радио­сы ұлт­тық арна ұжымын 4:1 есебімен ті­зер­летті.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде «Ас­тана» журналы «Қазақстан» ТРК коман­дасын 8:0 есебімен ойсыратты. Ал ақтық айқаста «Халық сөзі» «Астана» радиосы­мен кездесіп, қарсыластарымен тағы да 3:3 есебімен тең түсті. Сөйтіп, қайтадан пенальтиге кезек берілді. Бірақ бұл жолы жолдары болмады.
Дода соңында турнирдің үздік ойыншылары анықталды:
Үздік қақпашы – Қанат Базылхан («Ха­бар» арнасы);
Үздік қорғаушы – Мақсат Тәж-Мұрат («Астана» журналы);
Үздік шабуылшы – Досымжан Ермұрат («Астана» радиосы).
Үздік ойыншы – Асан Ерматов («Астана» радиосы).