Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Астаналықтар» Италияда наразылық жасады

14 қаңтар 2011, 17:29

«Джиро д'Италия» көпкүндігіне қатысып жатқан «Астана» клубының велошабандоздары демеушілеріне наразылық білдіріп, үстеріне киген киімдеріндегі қазақстандық компаниялардың логотиптерін алдыртып тастады.
Жұма күні (15.05.09) түс ауа шетелдік басы­лым­дар «Қазақстандық «Астана» велоклубының ша­бан­доз­­дары «Джиро д'Италия» көпкүндігінің же­тінші ке­зеңдік бәйгесіне демеушілерінің логотипте­рін түс­сіз материалмен желімдеп шығады» деген ақ­парат таратты. Содан бері «Джиро д'Италия» көп­күндігіне қатысып жатқан «Астана» клубының вело­спорт­шы­лары демеушілерінің логотиптері жоқ жей­­­демен бәй­геге түсуде. Тек қазақстандық Андрей Зейц қа­на мұндай наразылық акциясын қолдамай отыр. Бірақ олардың жейделеріндегі логотиптер әу бас­та хабар­ланғандай, басқа материалмен же­лім­делме­ген.
Бұл жөнінде «Астана» клубының мү­шесі, украи­налық Ярослав Попович шетелдік БАҚ өкіл­деріне берген мәлімдемесінде:
– Іс жүзінде, бұл – демеушілердің логотиптері алы­­нып тасталған жаңа киімдер. Алғанымыз – осы. Бұл – біздің демеушілерімізге білдірген наразы­лы­ғы­мыз. Де­меушілер бізге ақша төлемейді, ал біз оларды жарна­маламаймыз. Командадағы жағдай өзгермейінше, біз жарыс жолына осы киіммен шығамыз, – деді.

Әрине ко­ман­­­даның Бас ме­­нед­жері Йо­хан Брунель бұл жағдайдан ха­бар­сыз емес. Бі­ле­ді. Тіпті осы на­ра­зылықты ұй­ымдастыру­шылардың бі­рі болуы да ға­жап ем­ес. Өйт­кені ол ше­телдік журна­листерге берген сұхбатында «бұл бірлесіп қабылданған шешім» депті.
Біз кеше «Астана» велошабандоз­дарының бұл наразылығына демеуші­лердің қандай көзқараста екендігін білмек болып, ҚР велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» клубының менеджері Н.Проскуринмен хабарласқа­нымызда, Николай Абрамович:
– Жағдай түзеледі. Бүгіннен бастап «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры «Астана» клубына ақша аудара бастады. Тек Еуроазиялық топ пен «Қазцинк» қана өз міндеттерін орындар емес. Бүгіннен бастап ақша түсіп жатыр. Мен сәрсенбі күні бәрі орнына келеді деп ойлаймын, – деді байсалды түрде.