Спорт

Атақты балуан Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды

  • © DayNews.kz

    © DayNews.kz

Белгілі балуан Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бұйрығымен Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды. Бұл жаңалықты Sputnik Қазақстан тілшісіне балуанның өзі растады.


"Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі ұсынды. Тағы бір колледжде бауырым директор еді. Сонда ІТ-технология бойынша жаңа жобалар әзірлеп, енгізген болатынбыз. Облыс әкімі соны көріп, осы колледжге мені тағайындады", - деді қуанышты жаңалығымен бөліскен ол.


"Қазақстан барысы" қазақ күресімен хобби ретінде айналыса бастағанын, ал негізгі мамандығы педагог әрі заңгер екенін атап өтті.


"Облыс басшылығы маған сенім артып, жауапты қызметке тағайындап отыр. Менің басты мақсатым – сол сенімді ақтап, колледжді алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосу. Осы жолда бар күшімді салып еңбек етемін", - деді Нұғымаров.


Айта кетсек, Айбек Нұғымаров – 2013 жылғы "Қазақстан барысы", екі дүркін "Әлем барысы". Ауыр салмақ дәрежесінде халықаралық санаттағы спорт шебері.


 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30