Спорт

Атақты спортшының әйелі күйеуі қаза болған апат орнынан суреттер таралғаны үшін сотқа арызданды

  • Атақты спортшының әйелі күйеуі қаза болған апат орнынан суреттер таралғаны үшін сотқа арызданды

    Атақты спортшының әйелі күйеуі қаза болған апат орнынан суреттер таралғаны үшін сотқа арызданды

НБА бес дүркін чемпионы Коби Брайанттың әйелі Ванесса Брайант күйеуі мен қызы қайтыс болған тікұшақтың апат орнынан суреттердің таралуына байланысты Лос-Анджелес округінің шерифіне арыз жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Брайант 26 қаңтарда Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапты. Бортта 13 жастағы оның қызы және тағы 7 адам болған. Ешкім аман қалған жоқ.

Ванесса Брайант Лос-Анджелес округінің шериф департаментінің сегіз өкілі Коби Брайанттың қаза тапқан жерінде суреттер жасап, бөтен адамдармен бөліскендіктен "эмоциялық күйзеліс және жан азабы" үшін өтемақы талап етеді. Сомасы көрсетілмеген. Брайант отбасының өкілі шериф департаментін жауапқа тарту үшін және болашақта осындай заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында арыз берілгенін мәлімдеді.

Ванесса Брайант шериф Алекс Вилануэвтен құпиялылықты сақтауды қамтамасыз етуді жеке өзінен сұраған екен. Алайда оған қарамастан, департамент қызметкерлері жеке мақсаттарында апат орнында қаза болған адамдардың суретін түсірген. Арызда департамент өкілдерінің бірі бардағы әйелдің назарын аудару үшін суреттерді қолданғаны көрсетілген. 

Еске салайық, қайғылы оқиға жексенбі, 26 қаңтарда таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан. 

 

 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сенбі, 09.05.2020, 18:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31