Спорт

Аты аңызға айналған Коби Брайантқа «Эмми» сыйлығы берілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биылғы жылдың қаңтарында қаза тапқан Ұлттық баскетболшылар қауымдастығы (ҰБҚ) клубы «Лос-Анджелес Лейкерстің» бұрынғы қорғаушысы, Коби Брайант «Эмми» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы америкалық телевидение академиясы Twitter- де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Марапат америкалыққа Лос-Анджелесті дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

 

Брайант 26 қаңтарда жеке тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан мерт болды. Ол 13 жасар қызымен Джианнамен бірге баскетболдан жасөспірімдер матчына бара жатқан. Борттағы тоғыз жолаушының бәрі қаза тапты.

 

Брайант өзінің спорттық жолында «Лос-Анджелес Лейкерс» клубында өнер көрсетті. Командамен бірге Ұлттық Баскетбол қауымдастығының бес рет чемпиондық титулын жеңіп алды. Ол екі дүркін Олимпиада алтынының иегері.

 

Айта кеткен жөн, «Эмми» АҚШ-та телевидение саласындағы басты марапат. Оны әр жыл сайын Америкалық телевидение академиясы тапсырады.

 




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2020, 08:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30