Спорт

Ауыр атлет Нижат Рахимов допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады

  • Ауыр атлет Нижат Рахимов допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады

    Ауыр атлет Нижат Рахимов допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы қазақстандық Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нижат  Рахимов 2016 жылы допинг-сынама үшін алынған зәрдің сынамасын алмастырды деп күдіктелуде. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Олимпиада чемпионын жарыстан уақытша шеттетті.
""Достар, кеше кешке мен өзіме қатысты айыптар туралы хабарлама алдым. Менің ойымша, мұндай жаңалық келесі стартқа дайындалып жатқан әрбір спортшы үшін күтпеген жағдай болады. 

Мені тыйым салынған нәрсені қолданды деп айыптап жатқан жоқ.  Кез-келген кәсіби спортшы сияқты, мен маусым бойы допингке бірнеше рет тест тапсырамын, әрі қарай несепке не болатыны маған белгісіз, бұл бізді тексеретін тестілеу органдарының жауапкершілігі", - деп жазды ауыр атлет Instagram парақшасында.

Нижат Рахимов сағы сынбайтынын және өзгенін кінәсін мойынына алуды қаламайтынын атап өтті.

"Жеңісті күндері мыңдаған қазақстандық менімен қуанған сәттер мені әрқашан жігерлендірді! Сіздер, менің адал достарым, бүгін қолдайтындарыңызға сенемін. Мен адал спорт жақтамын.

Енді мен түсініктемелерімді Халықаралық тестілеу агенттігіне жіберуім керек, онда мен жоғарыда жазғанның бәрін айтамын", - деді спортшы.




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31