Спорт

Ауыр атлетика: АҚШ-та тағы бір қазақ баласы алтыннан алқа тақты

  • © 24.kz

    © 24.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық атлеттер үшінші алтынына қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.


Бүгін зілтемір сахнасына 81 келіге дейінгі спортшылар шыққан болатын. Қазақстан атынан жас атлет Сәпи Есенкелді бақ сынап, өз қатарластарынан озып шықты.


Сәпи Есенкелді қоссайыс қорытындысы бойынша 309 келіні еңсерді. Ол жұлқа көтеруде 134 келіні, серпе көтеруде 175 келіні бағындырған.


Сондай-ақ, қазақстандық спортшы екі бағдарлама бойынша кіші алтын медальді қанжығасына байлады.


81 келідегі күміс және қола медальды АҚШ пен Перу зілтеміршілері иеленді. Бұл Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатына жеңіп алған үшінші алтын жүлдесі.


Бұған дейін Ақмолда Сайрамкез бен Сайхан Тайсуевтер жеңіс тұғырына көтерілген.


Жасөспірімдер құрамасының бапкері Бақыт Ахметов мұндай нәтиже көрсету үшін тынымсыз еңбек қажеттігін айтады.


 24.kz




Көрілген: 1123    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.03.2019, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31