Спорт

Ауыр атлетика федерациясының басшысы жемқорлық дауынан кейін қызметінен кетті

  • © РИА Новости / Владимир Астапкович

    © РИА Новости / Владимир Астапкович

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті Тамаш Аянның ұйым басшысы қызметінен отставкасын мақұлдады, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Германиялық ARD телеарнасы қаңтардың басында журналист Хайо Зеппельттің фильмін жариялаған. Фильмде IWF пен Аян "жемқорлық мәдениетін" құрып, допингті жасырды деп айыпталған.

 

Аян 22 қаңтарда IWF президенті қызметінен 90 күнге шеттетілген. Сондай-ақ, сол кезде IWF-те ішкі тергеу жүргізу туралы шешім қабылданған. Наурыздың басында Аян Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) құрметті мүшесі статусынан бас тартқаны белгілі болды.

 

15 сәуірде БАҚ-та IWF атқарушы комитеті Аянның ұйымнан толық кетуіне дауыс бергені туралы хабарланды.

 

"Мен сүйікті спортыма өмірімнің ең жақсысын ұсындым. Пандемияға байланысты медициналық жағдайлар мүмкіндік берген кезде сайлау өткізу жаңа буынға біз жақсы көретін спорттың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін тезірек жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді", - деді Аян.

 

Аян 1975-2000 жылдар арасында IWF бас хатшысы болған. Ал 2000 жылдан бері федерация президенті қызметін атқарып келді. Енді IWF-тің уақытша басшысы Урсула Папандреа болады.

 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30