Спорт

Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырып алды

  • © DayNews.kz

    © DayNews.kz

Семейде екі колледж директоры коронавируспен ауырды. Оның бірі танымал спортшы Айбек Нұғымаров, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

 

«Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне қаладағы екі колледж директоры түсті. Бірі - Электр техникалық колледж директоры Азат Сәрпеков, екіншісі - Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров», делінген хабарламада.

 

«Құрметті жерлестер, мына жаман індет бізге де жұқты. Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Осыдан бір апта ауру анықталды. Қазіргі кезде аурудың кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз. Сақтандыру шараларын жеткілікті қолданбағанның кесірінен деп ойлаймыз. Күнделікті жұмыстармен біраз азаматтармен кездескен болатынбыз. Басында бізде (коронавирус инфекциясына) іштей сеніңкіремеген едік. Бұл індеттің бар екені рас, ол ешқандай қауесет не саясат емес», - деді Айбек Нұғымаров.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/CBYohYPA5jI/

 

Семей әкімдігі тұрғындарға сақ болып, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 1 шілдеге дейін ұзартылды.

 

 




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 08:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31