Спорт

Айбек пен Мақсат "Әлем барысының" келесі кезеңіне өтті

  • Айбек пен Мақсат

    Айбек пен Мақсат "Әлем барысының" келесі кезеңіне өтті


Алматының "Балуан Шолақ" спорт сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен "Әлем барысы" чемпионатының алғашқы белдесуінде ел намысын қорғап жатқан Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов қарсыластарын таза жеңіспен ұтып, келесі кезеңге өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


 

 

Айбек Нұғымаров. Фото ashgabat2017.com

Айбек Нұғымаров. Фото ashgabat2017.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Екі дүркін "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров алғашқы белдесуінде словениялық балуаннан оп-оңай айласын асырып кетті. Ал "Сыр барысы" Мақсат Исағабылов эстониялық балуаннан басым түсті.


Айта кетейік, ҚР Тұңғыш президенті күніне орайластырылған "Әлем барысына" АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония елдерінің балуандары қатысады.


Ал еліміздің намысын дүбірлі додада А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) қорғайды.


Айта кетейік, "Әлем барысы" чемпионатының биылғы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Жеңімпазға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орынға 6 млн теңге мен күміс белбеу және үшінші орынға 3 млн теңге мен қола белбеу табыс етіледі.



 





Көрілген: 221    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31