Әйгілі әлем чемпион тосын қадам жасады

20 шілде 2023, 13:23

Ауыр салмақта WBA Super, IBF және WBO чемпионы, украиналық Александр Усик (20-0, 13 КО) футбол клубымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Усик "Полесье" командасымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Жаңа ойыншы житомирлік клубта 17-нөмірмен өнер көрсетеді.

 

 

Келісімшарттың егжей-тегжейі кейін хабарланады.

 

2023/24 маусымында "Полесье" Украинаның жоғарғы лигасына өтеді. Өткен маусымда клуб екінші лигада көш бастаған болатын.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz