Спорт

Әйгілі сумошы өз елінен неге бас тартты?

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Моңғолдың тағы бір ұлы спортшысы өз елінен бас тартып, Жапонияның азаматтығын алды. Бұл туралы ard.mn хабарлады деп жазады turkystan.kz.

 

Сумо күресінен гранд-чемпион, жоғары дивизионның алты атағының иегері (ёкодзуна), моңғол спортшысы Какурю (Мангалжалавын Ананд &ndash өз есімі) өзі туып-өскен елдің азаматтығынан шығып, Жапония азаматтығын алды.

 

Моңғолдың 35 жастағы ұлы сумошысы Жапония сумо қауымдастығының зейнетке аға азамат дәрежесінде шығуы үшін өзіне қойған талабы бойынша осындай қадамға барды.

 

Ол енді ғана спортшылық мансабын аяқтағаннан кейін өзінің жеке мектебін аша алады.

 

Сумошыға жарысқа қатысу үшін жапон азаматтығы талап етілмейді. Бірақ оны аяқтағаннан кейін зейнетке шығу үшін онда Жапонияның азаматтығы болуы керек. Оған бұл азаматтық сумо ақсақалы атанып, өзінің жеке мектебін аша алу үшін де керек.

 

Какурю Рикидзабуро &ndash жапон азаматтығын алған төртінші шетелдік-йокозуна.

 

Оның алдында америкалық Акебоно мен Мусасимару, сондай-ақ моңғол сумошысы Хакухо Сё (Мөнхбатын Даваажаргал &ndash өз есімі) Жапония азаматы атанған еді.

 

Бұлардың соңғысы азаматтықты былтыр алған.

 

Какурю мансабын 2001 жылы сумошы ретінде бастап, Идзуцу мектебінде өнер көрсетті. 2014 жылдың көктемінде ол ең жоғары А ёкодзуна дәрежесіне көтерілді.

 

2019 жылғы қыркүйек айында Идзуцу Ояката қайтыс болып, оның мектебі жабылып қалғаннан кейін ұлы сумошы Мичиноку мектебіне ауысқан болатын.

 

 

 




Көрілген: 791    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.12.2020, 02:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28