Азат Мақсұм UFC-дегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды

17 шілде 2023, 14:17

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі үшін қанша алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, Азат UFC on ESPN 49 (UFC Vegas 77) турнирінде америкалық Тайсон Нэмді (21-14-1) төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.

 

MmaJunkie мәліметінше, Азаттың кепілді гонорары 16 000 доллар, ал қарсыласы үш есе көп - 50 мың доллар алды.