Қазақстандық Бибісара Асаубаева 2021 жылдың қорытындысы бойынша Азияның ең үздік шахматшысы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
18 жастағы спортшы бұл күндері Үндістанда Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына Қазақстан құрамасымен бірге қатысып жатыр.
"Кеше ФИДЕ-нің салтанатты іс-шарасында әлемнің 15 дүркін чемпионы Вишванатан Ананд маған Әйелдер арасында 2021 жылы Азияның үздік шахматшысы атағымен марапаттады. Менің еңбегімді жоғары бағалаған ФИДЕ-ге рақмет!", - деп жазды Асаубаева.