Спорт

Бахтияр Артаев: Тимур Құлыбаев маған су жаңа Land Cruiser көлігін сыйлады

  • Бахтияр Артаев: Тимур Құлыбаев маған су жаңа Land Cruiser көлігін сыйлады

    Бахтияр Артаев: Тимур Құлыбаев маған су жаңа Land Cruiser көлігін сыйлады

Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев көлемді сұхбат берді. Спортшы мансабы мен қазіргі қызметі, отбасы мен болашақтағы жоспарлары туралы айтты. 21 жасында чемпион атанып, 25 жасында мансабын аяқтаған споршы қазір қызметте. Бақытты жар, бала тәрбиелеп отырған әке.

Бұл туралы "Талқылайық" арнасныда айтылды. 

 
Бахтияр Артаев бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Афина-2004 жылғы XXVIII Жазғы Олимпиада ойындарының Олимпиада чемпионы, Баркер кубогінің иегері, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2006 жылғы Доха Азия ойындарының күміс жүлдегері (Катар).

Артаев 21 жасында чемпион атанып, 25 жасында спрттық мансабын аяқтады. Ауыл әкімі болды, саясатқа араласты. Соңғы рет праймеризге қатысып, өзін депутаттыққа ұсынды. Алайда өзінің тік мінезділігімен саясатқа араласқысы келмейтінін айтады. 

"Спорт о бастан - саясат. Соның салдарынан өзім де, басқа да споршылардың сағы сынды. Саясаттың, әділетсіздіктің құрбаны болды. 15 жасымды қарсыласымды ұтып тұрғанымда мені жеңілді деп көрсеткен еді. Одан кейін де талай әділетсіздікті көрдім. Саясат тек ауыр атлетикада үстемдік ете алмайды деп ойлаймын. Себебі ауырды көтересің де, дәлелдейсің. Ал басқа спортта саясат араласады. Әділбек Ниязымбетов, Левит, Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбырайымов басқа да атақты спортшылар әділетсіздіктің құрбаны болды", - деді Артаев. 

Артаев Қазақстанның көк туын қорлаған Бораттың ішкі саясаттан туған жайт екенін айтады. 

"Бораттың мазағанын кейін желіде бастама көтеріп, көк туымызды мақтан етемін деп ұрандатқаннан пайда жоқ. Бұл шетелдің емес, өзіміздің ішкі саясатымыз деп ойлаймын. Сыртқа мұндай кино түсірудің түк керегі жоқ. Бұл ішкі мәселе. Көзі ашық азамат ретінде айтып отырмын. Сондықтан оның ықпалына жығылмау керек. Мен Боратпен бетпе-бет кездессем, терісін сыпырып алар едім. Бірақ оған мән берудің керегі жоқ деп ойлаймын",- деі чемпион. 

Артаев спорттан кеткеніне біршама уақыт болса да, ақша үшін ринге шығуға дайын. Егер 100 млн доллар ақша тіксе, кіммен болса да жекпе-жек өткізуге дайынмын дейді. 

"Афины олимпиадасынан келгенде Тимур Құлыбаев Toyota Land Cruiser су жаңа көлігін сыйлады. Ол қазіргі Bentley көлігімен бірдей. Ол кезде облыста менде ғана сондай көлік болды. Өмірімдегі ең қомақты бағадағы алған сыйлығым осы", - деді Артаев. 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 16:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31