Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бакудан – жеті жүлде

05 мамыр 2011, 11:15

Бакуда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Бұл сында еліміздің балғын балуандары да белдесіп, жалпы командалық есепте кілем қожайындарынан кейін екінші орын алды.
Біздің балуандарды Бакуға бастап бар­ған Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Жұмашев: «Тур­нир өте тартысты болды. Себебі осы жас мөлшерінде халықаралық турнирлер өте аз. Сондықтан өз шәкірттерінің деңгейін бі­лу үшін мұндай турнирлерге барлық ел­дің өкілдері ең талантты балуандарын әке­леді. Бакуда да солай болды. Біз де кілең мық­тыларымызды апарғанбыз. Алматыда өт­кен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі жо­лын­дағы ел біріншілігінде көзге түскендерді құ­рама сапына шақырып, осы турнирге да­йындағанбыз. Басты мақсатымыз – биылғы әлем және Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын жеткіншектер құ­ра­масын жасақтау», – деді.
Баку бозкілемінде 46 келі салмақ дә­ре­жесіндегі Анархан Азмағанбетов кере­мет белдесіпті. Турнирді көзбен көрген бап­кердің айтуынша, Анархан финалда жер­гілікті балуанмен күрескен. Зал толы кө­рермен өз жерлесін қолдайды ғой. Жүй­кеге әсер ететіндігі айтпаса да түсінікті. Ше­тел аренасында алғаш рет белдесіп тұрған боз­бала тұрмақ, әккі балуандардың өздері абыр­жып қалады. Бірақ Анархан асып-сас­паған. Тұра ұмтылған қарсыласын қап­сыра құшақтап алып, кілемге атып ұрыпты. Ортадағы төреші амалсыздан «таза жеңіс» деп, қолын көтереді. Анархан айналасы 20 се­кундтың ішінде қарсыласының жа­уы­ры­нын жерге тигізіп, чемпион атанған. Оның же­ңісті жолын 63 келіге дейінгі салмақта Абы­лай Амзеев жалғастырды. Ол ақтық сындағы қарсыласы, түрік балуанын екі кезеңде таза жеңіп, бірінші орынға ие болды.
100 келі салмақтағы Мақсат Тұрғанбаев грузин балуанынан ұпай санымен ұтылып, екінші орынды иеленді. Сонымен қатар Мейрамбек Айнағұлов (50 келі), Мұхамет Есмұрзаев (58 келі), Хусеин Мугалов (76 келі) және Ерсайын Сафиулин (85 келі) сынды бозбалаларымыз қола медаль еншіледі.
Енді осы құрамадағы жас балуан­да­рымыз Алматыда жаттығу жиынын өткізіп, мау­сым айының ортасында Түркияда өте­тін халықаралық турнирге қатысады. Құ­ра­ма жетекшісі Серік Жұмашев: «Биыл біз екі құрама жасақтауымыз қажет болып тұр. Өйт­кені Азия чемпионатынан кейін небәрі 10 күннен соң әлем чемпионаты өтеді. «Са­рықұрлықта» біздің құрама үнемі бі­рін­ші орын алып жүр. Сол биіктен төмен түс­пеуіміз керек. Әлем чемпионатында да жо­ғары жетістікке қол жеткізуді көксейміз. Оның үстіне жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі балуандар жас­тар сапына өтіп кетті», – деді.
Азия чемпионаты 4-8 тамыз аралы­ғын­да Бангокта (Таиланд) өтсе, әлем чем­пионаты 23-30 тамыз күндері Сом­ба­те­лиде (Венгрия) ұйымдастырылады.