"Бәріңді жек көремін! Олимпиадада ресейлік спортшы шу шығарды

18 ақпан 2022, 20:53

"Бәріңді жек көремін! Ешқашан мұзға шықпаймын".

 

Қытайдағы олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанау бойынша өнер көрсеткен ресейлік Александра Трусова өзінің наразылығын білдірді.

 

Нақтырақ айтқанда, бапкеріне ренжіді.

 

Қос бағдарламаның нәтижесінде екінші орын алған спортшы ол жүлдеге қанағаттанбады. Өйткені, ол әйелдер арасында бір бағдарламада бес рет төрттік секіру элементін орындаған спортшы ретінде тарихқа енді.

 

Десе де, екі бағдарлама қорытындысы бойынша Анна Щербаковадан 4 ұпайға қалып қойды.

 

Дегенмен, Алтын өзгеге емес, өзінің командаласына бұйырды. Бірақ Александра сонда да,  марапаттау рәсіміне шықпайтынын айтып, бапкерлеріне айғайлаумен болды.  

 

Бүгін аспан асты елінде өтіп жатқан төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан атынан 2 спортшы бақ сынады. Екеуі де конькиші.

 

Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста ел намысын Дмитрий Морозов пен Денис Кузин қорғады. Кіл мықтылар сайысында қос атлетімізге де жүлде бұйырмады. Нәтижесі уақытпен шешілетін додада спортшыларымыз кестенің 17-нші және 23-нші сатысына жайғасты.

 

Сонымен он бесінші ақпандағы XXIV Қысқы Олимпиаданың  қорытындысы мынадай:  

 

15 алтын, 8 күміс, 11 қоламен  Норвегия әлі көш басында.

 

Екінші орында -Германия.

 

Үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндейді.

 

 

 

astanatv.kz