"Барыс" және "Ақтөбе" ойыны төбелеспен аяқталды
Хоккейден қазақстандық "Жастар" лигасында "Ақтөбе" мен "Барыс" клубтары арасында өткен ойын жанжалмен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын 19 қаңтарда Ақтөбеде өтіп, 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кездесудің аяқталуына он минут қалғанда, мұз үстінде бірнеше рет төбелес шықты. Соның салдарынан елордалық команданың ойыншылары Владислав Комаров пен Аңсар Шайхмедденов 25 минут, ал Станислав Александров - 12 минут, Хақназар Кеңесбай - 20 минут айыппұл салды. "Ақтөбе" сапында тек Владимир Шлычковты 14 минутқа алаңнан қуды.