"Барыс" капитаны Құрлықтың хоккей лигасында ең қымбат ойыншы атанды

15 қазан 2021, 12:26

"Барыс" командасының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат хоккейшілер рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

Тізімге негізгі жалақасы 900 млн рубльге дейінгі ойыншылар енген. Бұл сомаға бонус және сыйлықақы қосылмайды. 

 
"Барыс" капитанының жылдық табысы 100 млн рубльге тең болған. Қазіргі курс бағамына сәйкес бұл 597 337 300 теңге. Ал мамыр айында жасалған рейтингте Диц  мәскеулік "Динамоның" шабуылшысы Дмитрий Яшкиннен кейін екінші орында болған еді. 


Қазіргі рейтинг бойынша екінші орын "Динамо" ойыншысы Вадим Шипаевке (95 млн рубль) тиесілі. Үштікті финдік "Салават Юлаев" командасының шабуылшысы Теем Хартикайнен (90 млн рубль) аяқтайды. 

Барыстың тағы бір ойыншысы Якоб Лилья тізімнің 124-орнын иеленген. Оның жылдық табысы 35 млн рубль, яғни 209 миллион теңгеге тең. Рейтингте барлығы 150 ойыншы бар.