Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Барыстар» мен «алыптардың» айқасы

05 желтоқсан 2012, 11:07

Болғанынан боладысы қызық болған «Барыс» пен «Витязь» арасындағы ойын да аяқталды. Бұл ойында бір емес, екі рет төбелес болды. Матч бары­сында екі «барыс» пен екі «алып» төбелесіп («витязь» сөзі орыс­шадан аударғанда алып, батыр мағынасын білдіреді), жанкүйерлердің делебесін қоз­дыр­ды.
Осы екі төбелестің біріншісінде екі таф­гай итжығыс түсіп, екіншісінде «Барыс­тың» ойыншысы басым болғанынан не пайда, шектен тыс тартысты кездесу 3:5 есе­бімен аяқталды. Үш ұпай түгелдей Че­хов «алып­та­рының» қоржынына түсті. Ал «Барыстың» ойыншылары ауыздарын қу шөппен сүр­тіп, «қылыштарын» (қолда­рын­дағы имек таяқ­шаларын дегенім ғой) тасқа ұрды.
Негізі, бәрі де тәп-тәуір басталған еді. Ойынның екінші минуты басталған бетте Бойд зыр қаққан шайбаны қонақтардың қақпасына тоғытты. Бірақ содан кейін қақ­пашымыз Теему Лассиланы қара ба­сып, 34 секундтың ішінде екі рет шайбадан көз жазып қалды. Бар болғаны, жарты минут­тан сәл ғана асатын уақыттың ішінде қо­нақ­тардың шірене соққан шайбалары Лас­сила қорғаған қақпадан бір-ақ шықты. Осы екі голдан кейін, небәрі үш жарым минуттан соң салы суға кеткен Лассила өз орнын Павел Полуэктовқа босатуға мәж­бүр бол­ды. Сөйтіп, хоккейшілер де, жан­кү­йер­лер де «төбелес қашан басталады» деп алаңдап жүргенде үш гол соғылды. 
Содан соң жанкүйерлер тағатсыз күт­кен төбелес те басталды. Тағатсыз күткен дей­тін себебіміз, қазан айындағы Чеховта өткен матчтың басында (3-минутында) Тре­вор Гил­лис пен Джон Мирасти төбеле­сіп, «Ви­тязь» клубының тафгайы басым­дық таныт­қан. Ол «Барыс» клубының таф­гайы Джон Мирастиді нокдаунға түсіріп, тәлтіректет­кен. Сол матчтан соң Мирасти Ас­танада «есе қайтарамын» дегендей сы­ңай танытқан.
Негізі, бұл екеуі Солтүстік Америкадағы ҰХЛ-да да бірнеше рет төбелесіпті. Ең ал­ғаш­қысында Мирасти бойы өзінен 14 см биік Гиллисті сұлатып салыпты. Одан ке­йін­гі төбелестерде екеуі де бірін-бірі ала ал­ма­ған. Бірнеше рет сілікпелері шыққан­ша бір-бірін қойғыштап, төрешілер ара­ша­лап ал­ған екен. Өкінішке қарай, Чеховта Гил­лис­тің қуатты соққылары діттеген же­ріне дәл тиді. Мирасти оны ұмытатын жігіт емес...
Сонымен, не керек, Джон Мирасти мен Тревор Гиллис Астанада да қолғаптарын атып ұрып, шлемдерін шешіп тастап, жең­де­рін түріп, білектерін сыбанып, қиян-кес­кі төбелесті бастады. Екеуі бірін-бірі аяусыз қойғыштап, пәрменді соққыларын сілтеді-ақ. Гиллистің мұрны, Мирастидің аузы (әл­де тісі ме) қанап, екеуі де алқынып қал­ды. Ми­растидің жейдесінің алды жыртыл­са, Гил­листің үсті-басына қан шашырап, был­ғанды. Содан екеуі ұстасып қалды да, «осы­мыз да жетер, қояйық» дегендей сыңай таны­тып, бірін-бірі арқаларынан қақ­ты. Бұ­ла­ры «ит­жығыс түстік» дегендері сияқты болды.
Жанкүйерлер оларға тік тұрып, қол со­ғып, төрешілер екеуін де айдыннан алас­татылатын ойыншылар отыратын ор­ын­дық­тарға дейін шығарып салды.
Обалы нешік, содан кейін де ойын өте қызықты әрі жоғары қарқында өтті. Бірақ «Ба­рыс» хоккейшілерінің қақпаға бағыт­таған шайбалары Касутиннің қақпасына дары­май-ақ қойды. Сонда төрешілер де қо­нақтардың хоккейшілері ойын ережесін бұзса, байқамай қала ма?..
Ойын аяқталуға айналғанда Максим Спиридонов пен Андрей Марков қақтығы­сып қалып, бір-біріне жұдырықтарын ала жүгірді. Шыны керек, тафгайлардың төбе­ле­сіне қарағанда, осы екеуінің жекпе-жегі әлдеқайда қызықты болды. Максим Чехов клу­бы хоккейшісінің жейдесін басына қап­тап, төмпештеп алды. Сыбағасын берді. Бар ашуын дәл сол Марковтан алғандай болды.
Бірақ бұл екі төбелес айызды қандыр­ғанымен, бізге абырой әпермеді. Өкініштісі сол, «Барыс» биылғы маусымда дәл осы «Витязь» клу­бы­нан екінші рет ұтылып отыр, яғни аут­сай­дердің бірі алты ұпайды тақы­мына ба­сып, көзімізді шарасынан шығара жаз­да­ды.
Тек Чехов «алыптарының» капитаны – Қа­зақ­стан ұлттық құрамасының қорғау­шысы Алексей Трощинский, ал бас бапкері Өс­кемен тумасы Юрий Леонов екенін кө­ңіл­ге медеу тұтпасақ...