Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Барыстың" канадалық экс-ойыншысы қазақстандық қызбен шаңырақ көтерді

19 қазан 2019, 09:34

«Барыстың» бұрынғы шабуылдаушысы, канадалық Кори Тривино қазақстандық Татьяна Васильченкомен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хоккейшінің елордалық клубтың құрамында ойнап жүргенінде танысқан ғашықтардың махаббаты туралы екі жыл бұрын белгілі болған еді. Сол кезде Тривино әлеуметтік желіде сүйіктісінің қатерлі дертке шалдыққаны туралы жазып, көмек сұраған-да. Артынша «Барыс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Біраз уақыттан кейін клуб канадалық хоккейшімен келісімшартты бұзды.

Бүгінде, Татьянаның Instagram желісіндегі жазбасына қарағанда, ол қатерлі дертті жеңген тәрізді. 

«Бұлай болады деп кім ойлаған. Мен Қазақстаннанмын, Кори Канададан. Және біз Германияда шаңырақ көтердік. Біз жай ғана қағаздарға қол қоя саламыз деп ойлаған едік. Алайда кеше біздің хоккейдегі отбасымыз тосынсый жасады. Олар барлық дәстүр бойынша нағыз үйлену тойын жасап берді. Кешегі күн үшін көп рахмет! Сіздерді жақсы көреміз және біз үшін жасаған дүниелеріңіз үшін алғыс білдіреміз», - деп жазды Татьяна Васильченко.