Спорт

Батысқазақстандық желаяқ 230 шақырымды жүгіріп өтті

  •  фото ҚазАқпарат

    фото ҚазАқпарат

Батысқазақстандық желаяқ Баубек Ілиясов 230 шақырымды жүгіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Uralsk Runners клубының мүшесі Б.Ілиясов өз жүгірісін 15 желтоқсан күні сағат 10.00-де Оралдан бастап 16 желтоқсанда Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі Ақсуат елді мекені маңындағы Сарқырама бұлағына жетті.

 

Желаяқ Орал-Сарқырама бағытындағы осынау іс-шарасын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнады.

 

 Оның бұл жорығына «Qareket Engineering» ЖШС демеуші болып, компания өкілдері ұзақ жол бойына ілесіп отырды.

 

Қысқы аязға қарамастан, тоқтаусыз жүгірген 26 жастағы Баубектің бұл алғашқы табысы емес.

 

Қазталов ауданында туып-өскен Баубек Ілиясов алдымен 60 км қашықтықты 5 сағат 20 минутта бағындырды. Содан кейін 110 шақырымды 12 сағатта жүгіріп өтті.

 

 Өткен жылы сәуірде Алматы қаласында 42 шақырымдық марафонда 1800 қатысушының арасынан тоғызыншы орынға ілікті. Одан кейін де бірнеше жарыста алдыңғы лектен көрінді.

 

Ал осыдан бір жыл бұрын Тәуелсіздік мейрамы құрметіне Ақсайдан Оралға дейін 150 шақырым қашықтықты жүгіріп өткенін жазған болатынбыз.

 

«Менің барлық жарыстарға қатысуыма демеуші болып келе жатқан «Qareket Engineering» ЖШС бас директоры Санат Құмашевқа алғысымды білдіргім келеді. Қолдау көрсеткен басқа да достарыма, арасында бірге жүгірген жігіттерге ризамын», деді Б.Ілиясов.

 

 

 

 




Көрілген: 284    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.12.2020, 00:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28