Бейбіт Шүменовті АҚШ-та іздеп жатыр

09 тамыз 2023, 11:04

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысынан соң боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін деген болжам айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Ол тергеу әлі жалғасып жатқанын, спортшыға іздеу жарияланғанын айтты. Әрі қарайғы жұмыстар заң аясында жүргізілуде.

 

Журналистер Бейбіт Шүменовтің әйелінде Американың азаматтығы бар екенін алға тартты.

 

«Ол сол жерде жүрген шығар. Қазір жеке нұсқау жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тараптардың татуласуы мүмкін, өйткені бұл  орташа ауырлықтағы қылмыс», - деді Марат Ахметжанов

 

Қазақстандық бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке Астанадағы сауда орталығындағы жанжалдан кейін іздеу салынды.

 

Оқиға 2023 жылдың 18 маусымында болды. Желіде қолында баласы бар ер адамға шабуыл жасап, оны бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланғаннан кейін оған қоғам тарапынан  наразылық пайда болды. Кейін шабуылшының бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, төбелес балалар арасындағы жанжалдан басталғанын айтты.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz