Бейжің-2022: Екатерина Айдова 1500 метр қашықтықта сынға түсті

07 ақпан 2022, 16:03

Бүгін Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында конькишілердің кезекті жарыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бүгін конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта әйелдер арасындағы бәсекелер өтіп жатыр.

 

Аталған спорт түрінен Екатерина Айдова, Надежда Морозова ел намысын қорғайды.

 

Қазақстан атынан сынға түскен Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1:59.01 секундта жүгіріп өтіп, әзірге алтыншы орында келеді.

 

Ал Надежда Морозова әлі жарыс жолына шыққан жоқ.

 

Сондай-ақ 13 ақпанда Айдова 500 метр қашықтықта, ал 17-сі күні 1000 метр қашықтықта өнер көрсетеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Екатерина Айдова 2022 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шықты.