Бибісара Асаубаева екі дүркін әлем чемпионы атанды

30 желтоқсан 2022, 18:36

Алматыда шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 30 желтоқсанда шахматтың блиц түрінен қорытынды тур айналымдары өтті. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жеңіске жетіп, екінші рет әлем чемпионы атанды.

 

Былтыр Бибісара Асаубаева Варшавада (Польша) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді.