Бивол мен Канело реванш өткізу туралы сұраққа жауап береді

08 мамыр 2022, 14:31

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізуді қалайды. Бұл туралы ол жекпе-жектен кейін рингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, ресейлік боксшы жартылай ауыр салмақтағы WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады. Бұл ретте, Альварес - супер орта салмақтағы абсолют чемпион.

"Ешқандай сылтау жоқ. Бокста жеңіліс болып тұрады. Бивол - керемет чемпион. Реванш болады ма? Иә. Бәрі осылай аяқталғанын қаламаймын", - деді Канело.
 
Бивол реваншқа келісті, бірақ ол енді шарттарды өзі қоятынын атап өтті.

"Реванш? Мәселе жоқ, талқылайық. Негізі бұл жекпе-жекті ешқандай ерекше шарттарсыз өткізгім келген. Енді өзіме біраз жағдай жасағым келеді. Мен осы жекпе-жекке келістім, себебі бұл бірінші кезекте маған мүмкіндік болды. Реваншқа дайынмын", - деп жауап берді ресейлік бокшсы.