Бокстағы алғашқы жеңіліс: Абылайхан Жүсіпов америкалыққа есе жіберді

27 шілде 2021, 15:00

Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасынының өкілі Абылайхан Жүсіпов жеңіліс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 
69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан американдық Джонсон Делантемен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Қазақстан командасының тәжірибелі боксшысы жарысты жүлдесіз аяқтады.