Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бокстан Азия чемпионатында 3 қазақстандық спортшы қола медаль еншіледі

23 қаңтар 2023, 23:01

Таиланд астанасы Бангкокте 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшы қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
80 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ерасыл Жакпеков өзбекстандық Джасурбек Юлдошевпен жұдырықтасып, оны екінші раундта нокдаунға жіберді. Алайда төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Сөйтіп ол қола жүлде иегері атанды.

Ал 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерхат Бекзат 0:5 есебімен өзбекстандық Нусратбек Тохировке есе жіберді.

Аса ауыр салмақта Аманат Сабырғали тағы бір өзбекстандық Джахонгир Зокировпен жұдырықтасты. Екінші раундта Аманат дәл соққы алып, рефери есеп ашты. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс өзбекстандық боксшының еншісінде кетті.

Айта кетейік, бүгін жартылай финалда өнер көрсеткен 11 қазақстандық боксшының алтауы жеңсе, бесеуі ұтылып қалды.