Спорт

"Бомж болуды ойладым": UFC-дегі қазақстандық ару АҚШ-тағы өмірі туралы айтты

  • Мария Агапова. Фото: instagram.com/mma.mashka

    Мария Агапова. Фото: instagram.com/mma.mashka

UFC-дегі алғашқы қазақстандық әйел Мария Агапова АҚШ-та өмір сүрудің қиындықтары туралы айтты. Ол шет елде баспанасыз жүре беруді ойлағанын мойындады, бірақ отанына оралуды жоспарламаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Айта кетейік, 10 күннен кейін UFC-дегі қазақстандық спортшы қыздың алғашқы жекпе жегі өтеді. Кездесу Лас-Вегас қаласында болады деп жоспарланған. Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Мелисса Гатто.

 

Дебюттік айқасының алдында қазақстандық спортшы ресейлік News.ru басылымына сұқбат берді.

 

 

23 жастағы қазақстандық спорттағы тағдыры оңайға соқпағанын мойындады. Ол "Претендент" шоуына қатысу үшін, үлкен жарысқа дайындалу үшін АҚШ-қа келген.

 

Алайда ойындағысы жүзеге аспай, сайысты жеңе алмаған. Мария барлық қиындықтарға, өзге елде ақшаның жоқтығына қарамастан, арманынан бас тартып, отаныма оралуды ойлаған жоқ.

 

Қазақстандық әйелдің айтуынша, ол АҚШ-та "бомж" болу жоспарын жасаған. Ол үшін Мария өмір сүруге арналған "палатка" сатып алуды ойлаған көрінеді.

 

Спортшы қыз жаттығу залдарында жуынғанын да жасырмады. Мария оған қазір өнер көрсететін клубтағы әріптестері мен менеджерлер қол ұшын созғанын жеткізді.

 

Сонымен қатар спортшы қыз дебюттік жекпе жегі шетелде өтетінене қуанатынын білдірді. Себебі, әйел туған жерде үлкен жауапкершілік пен қысымды сезінетінін растады.

 

 




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30