Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Бірінші орынды иеленеміз!" - Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы әлем чемпионатындағы жоспармен бөлісті

22 қазан 2021, 12:18

Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінде сұхбат берді. Жаттықтырушы алдағы жоспар мен спортшылардың дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды  sports.kz сайты.

"Бұл тарихтағы ең ірі чемпионат болмақ. Жарысқа барлығы жүзден аса елден 650 боксшы қатысады. Сәйкесінше жарыста бәсеке де үлкен болады. Әлем біріншілігіне Олимпиада чемпиондары, Азия және Еуропа, әлем чемпиондары қатыспақшы. Қызықты чемпионат болады. Біздің боксшылар жақсы дайындалған. Барлығы жұдырықтасуды қалап отыр. Біз спортшыларға "Белградқа барып, командалық есепте бірінші орынды иеленеміз! Тәуекел етіп, алдымызға осындай мақсат қояйық. Әр қайсымыз жеңіске лайықпыз. Тек жеңіс қана емес, "Үздік боксшы" атағын алуымыз керек. Барлығы біздің қолымызда!" деп айтамыз. Осылайша боксшыларды жігірлендіремін. Жеңгіміз келеді және бұл үшін тырысамыз. Құдайдың көмегімен туымызды көтеріп, әнұранды шырқаймыз", – деп мәлімдеді Қайрат Сатжан.

 
Айта кетейік, Әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Белград қаласында өтеді. Еліміздің намысын қорғауға 13 боксшы аттанбақ. Спортшылар ресми түрде ант етіп, команда капитанын таңдаған болатын.