"Бұл тек бірінші раунд". Қуат Хамитов Желіде жазба жариялады
Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов полиция қамауға алған соң Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған дейін Хамитов атышулы видеосын әзіл деп түсіндірген еді.
Еске салайық, кеше Қуат Хамитовтың видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Instagram-дағы парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.