Спорт

Бұрын-соңды болмаған: Қазақстандық спортшы тарихи жеңіске қол жеткізді

  • © Foto: Сайт Национального олимпийского комитета Казахстана

    © Foto: Сайт Национального олимпийского комитета Казахстана

Сергей Ткаченко шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл – аталған спорт түріндегі Қазақстанның тырнақалды жеңісі.


Бірінші раундтан соң 19 жастағы жерлесіміз 96,5 метрді "ұшып", бірінші орында тұрды. Ал финалдық бәсекеде Сергей 94,5 метрге дейін секіріп, 248,9 ұпаймен үздік үштікті тұйықтады, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайты.


Алтын жүлде 252,1 ұпай жинаған норвегиялық Томас Маркенгтің, күміс жүлде германиялық Лука Роттың еншісінде. Финалда неміс спортшысы 97,5 метрге секіргенімен, Маркенгтің алғашқы айналымда жиған ұпайы көмекке келді.


Қазақстан командасының бас бапкері Павел Васильевтің айтуынша, бұл тарихи жеңіске пара-пар жүлде.


"Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет біз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан жүлде алып отырмыз. Әрине, бұл біз үшін үлкен жетістік. Жарысқа Никита Девяткин, Глеб Сафонов, Нұршат Тұрсынжановтар да қатысты. Биыл біз алғаш рет квоталар санын көбейтіп, қатысушы спортшылар санын төртке жеткіздік. Бұрын біздің ел атынан екі спортшыдан артық қатыспайтын. Сондай-ақ, біз алғаш рет командалық турнирде бақ сынаймыз. Әлем бойынша 12 команда ғана қатысатын турнирдің финалына өттік. Бұл да тарихта бірінші рет болып отырған жағдай", — деп атап өтті бас бапкер.


 


"Қазіргі қуанышымда шек жоқ. Еліміздің байрағын әлемдік сында көтергенім үшін ерекше бақыттымын", — дейді Сергей Ткаченко.


Sputnik


 


 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30