Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

25 желтоқсан 2021, 10:08

Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды pro_mma.kz Instagram парақшасы.

 

"Дамирдің келесі кездесуі қашан өтеді? Спортшының айтуынша, ақпан айында секілді. Ол бір файтердің орнын басатын болды. Жуырда ресми хабарлайтын шығар", - деп жазды дереккөз.

 

Еске салайық, Дамир Исмагулов (23-1)  30 қазан күні Абу-Даби (БАӘ) қаласындағы UFC 267 турнирінде ресейлік Магомед Мустафаевпен кездесуі керек еді. Бірақ Ресейде дүниеге келген қазақ спортшысы салмақ қуу кезінде денсаулығы сыр берді. Кейін спортшының менеджері Саят Әбдірахманов жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді.

 

Ал 18 желтоқсан күні Исмагулов Атырау қаласында Mergen Fighting Championship турнирінде грепплигтен Арман Оспановпен кездесіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

 

 

kaz.vesti.kz