Спорт

Данияр Елеусінов Головкиннің бокс кешінде жұдырықтасатынын мәлімдеді

  • Данияр Елеусінов Головкиннің бокс кешінде жұдырықтасатынын мәлімдеді

    Данияр Елеусінов Головкиннің бокс кешінде жұдырықтасатынын мәлімдеді

Данияр Елеусінов Геннадий Головкиннің 8 маусымда Нью-Йоркте өтетін жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасады.


Данияр Елеусінов жекпе-жегінің уақытын өзгертіп, Головкиннің кешінде жұдырықтасатынын мәлімдеді


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 


Елеусінов 25 мамырда Усик пен Такаманың жекпе-жегінде жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда спортшының жоспары өзгеріпті. 


«Біз Даниярдың жекпе-жек өткізетін уақытын өзгертіп, 25 мамырдың орнына, 8 маусымда Геннадий Головкиннің бокс кешінде жекпе-жек өткізуді ұйғардық. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Ал қарсыласының есімін таяуда хабарлаймыз», - дейді Елеусіновтің менеджері Зия Әлиева. 


Бұл Елеусіновтің кәсіби мансабындағы жетінші жекпе-жек болмақ. Ол бұған дейінгі 6 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. 


 


Еске сала кетсек, Геннадий Головкин 8 маусымда канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады. 

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 16:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30