Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санаттары өкілдерінің рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Қазақстандықтар арасында бұл ұйымның белбеуі орта салмақтағы Геннадий Головкинге тиесілі. Мейірім Нұрсұлтанов та орта салмақтағы рейтингте - ол 14-орынға жайғасты. Екінші орта салмақтағы ТОП-5-те бірден екі қазақстандық бар: Айдос Ербосынұлы (4-орын) және Әли Ахмедов (5-орын).
Бұл дивизионда IBF титулы мексикалық Сауль Альвареске тиесілі. Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы рейтингте болмады. Бұған дейін ол 15-орында болатын. Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек 11-қатарда. Оның дивизионында Халықаралық бокс федерациясының белбеуі жапондық Кеничи Огаваға тиесілі.