Спорт

Депутат бұрынғы әйелі Әлия Жүсіпова туралы айтты (ВИДЕО)

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Мәжілісмендер мен сенаторлар 2020 жылды ел аралап, халықтың талап-тілегін тыңдаудан бастады. Сол сәтте Түркістан облысы мен Шымкент қаласына келген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев Elіtar.kz сайтының сұхбат берген екен. Сайттың «Saіasat.not YouTube» жобасында жарияланған сол сұхбаттан үзінді жариялауды жөн көрдік, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

 

Бүгінде көпбалалы, жалғызбасты аналардың әлеуметтік мәселелерімен айналысып жүрген депутат – әлемге әйгілі көркем гимнастшы Әлия Жүсіпованың бұрынғы күйеуі. Ол балаларына баспанасын алып беріп, алиментін уақытылы төлеп тұрса да, Әлияның бір сұхбатында өзіне өкпе-реніш білдіргенін түсінбейтінін айтты.

 

«Әлия екеуміз кезінде жақсы тұрмыс құрдық деп ойлаймын. Ол – өте керемет адам. Біріншіден, біздің еліміздің мақтан тұтарлық азаматшасы, қазақтың қызы. Оған сондай құрметпен қараймын. Тек қана менің әйелім болды деген көзқараспен емес, елімізді күллі дүниеге паш еткен азаматша ретінде де.

 

Өмір болғаннан кейін мәселелер туындап жатады. Бізде де сондай жағдай болып қалды. Мен оған өкінбеймін. Себебі, бір ұл, бір қызымыз бар. Үлкені үшінші сыныпқа, кішкентайы бірінші сыныпқа барды. Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Әлияға әлі де құрметпен қараймын. Оның сұхбатта айтқанын түсінбедім. Себебі, Әлия мен балаларға бар жағдайды жасап кеткен болатынмын», - дейді Нұржан Әлтаев.

 

Айтуынша, ол Шымкент қаласынан несиеге үлкен үй сатып алып, оны баласының атына жазып, Әлияға қалдырып кеткен. Осы күні сол үйдің несиесін өзі әлі төлеп келе жатыр екен. Жалақысының жартысы сол баспананың несиесін жабуға кетіп жатқанын айтқан депутат, «Шымкент қаласында қандай дүние болды, соның бәрі Әлияда қалды» деп отыр.

 

«Ер адам ажырасарда дүние-мүлкінің бәрін бала шағасына, әйеліне қалдырып, бір чемоданмен ғана кетуі керек. Мен сол бір чемоданмен Нұр-Сұлтан қаласына кеттім. Нұр-Сұлтан қаласында пәтер жалдап тұрдым. Қазір отбасым бар. Мемлекет берген пәтерде тұрып жатырмыз.

 

Екіншіден, алименттерін төлеп тұрамын. Екі балаға менің жалақымның 40%-ы кетеді... Әйелдер эмоционалды келеді. Мен балалармен көрісіп тұрамын. Шымкент қаласына келсем, балаларыммен серуен құрамын. Әлиямен отбасын құрғаныма өкінбеймін», - дейді Мәжіліс депутаты.

 

Видео: www.youtube.com/watch 




Көрілген: 216    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 22:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31