Спорт

Димаш Құдайбергенов Fight Nights Global турнирінде ән салады

  • Димаш Құдайбергенов Fight Nights Global турнирінде ән салады

    Димаш Құдайбергенов Fight Nights Global турнирінде ән салады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жұмағұлов UFC экс-жауынгерімен көз арбасу дузльін өткізді.


Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні Сочиде (Ресей) өтетін Fight Nights Global турнирінде Әли Багаутиновпен кездеседі.


Қазақстандық жекпе-жек шеберінің қарсыласы шын мәнінде өте салмақты, ресейлік ММА-да ең танымалы болуы да мүмкін. ММА-дағы Багаутиновтың қызметтік тізімінде 19 жеңісі мен 6 жеңілісі бар. Сондай-ақ, өткен жылы Али Багаутинов UFC американдық промоушенінде өнер көрсеткен.



Жақында қарсыластар Қазақстан астанасында өткен баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті. Екі жекпе-жек шеберіне де белгілі, бұл траштоксинг әрқашан орта салмақтағы ең жақсы екі күрескер үшін және ешқандай арандатушылықсыз болады.


"Мені көпшіліктің қолдауға келгені қуантады. Осыншама жанкүйер қатысқанына өте қуаныштымын. Мен әрқашан төбелеске дайынмын және бабымдамын. Торлы алаңға шыққан күні жеңіске жеткізетін барлық әрекетті жасауға уәде беремін", - деді Жалғас Жұмағұлов өз жанкүйерлеріне.


Өз кезегінде Әли Багаутинов ММА-да өнер көрсеткен жылдарында ресейлік жекпе-жектің жанкүйерлері болған Қазақстан халқына қонақ болу өзі үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.



"Мен сіздердің жерлестеріңізбен күрескеніме қарамастан, мені іштей жақсы көретіндіктеріңізге сенімдімін. Мен басқа шетел спортшыларымен торлы алаңда кездескен кезде, Қазақстаннан келген жанкүйерлерімнің қолдауын сезінетінмін. Ал бұл мен үшін өте қымбат", - деп мәлімдеді ресейлік жекпе-жек шебері.


Бір қызығы, букмекер сарапшылары алдағы ұрыста Ресейдің атынан шығатын Али Багаутиновқа басымдық беруде. Дегенмен, "Олимп" букмекерлік кеңсесінің ресми өкілі, ресейлік белгілі комментатор Кирилл Дементьевтің айтуынша, айқасқа дейін әлі бір айдың бағасы бар, бәрі өзгеруі мүмкін.


"Бір ай бойы уақыт бар, демек, әлі де өзгерістер орын алуы ғажап емес. Қазіргі уақытта "Олимп" букмекерлік кеңсесінің сарапшылары осы жекпе-жектің фаворитін Әли Багаутинов деп санайды", - деді Кирилл Дементьев.


Сондай-ақ, ол "Олимп" букмекерлік кеңсесі тек ММА-ны ғана емес, спорттағы әлеуметтік жобаларды да қолдайтынын атап өтті. Мәселен, "Олимп " Қазақстан бойынша бірнеше футбол секцияларын іске қосады. Алғашқы ашылу қыркүйек айында Талдықорған қаласында өтеді.


Аралас жекпе-жек өнері кешіне арнайы қонақ ретінде шақырылған әрі Жалғас Жұмағұловты қолдау үшін белгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергенов Сочиға барады. Өйткені, Димаш та, Жалғас та Ақтөбе топырағында туған.


"Димашқа келер болсақ, менің ойымша, Fight Nights Global – бұл тек спорттық қана емес, сонымен қатар зайырлы, мәдени шара. Ал Димаш – Қазақстанның брендтерінің бірі, мемлекеттен тыс елдің тұлғасы болып табылатын адам. Сочидегі кешке Димаштың қатысуы алдымен жерлестерінің қолдауын білдірсе, екіншіден Жалғастың өзіне де қуаныш сыйлап, күш-жігер береді. Және әншіні күтетін үлкен аудиторияның мәртебесі деп білемін", - дейді Fight Nights Global промоутерлік компаниясының продюсері, КТК бұрынғы қатысушысы Сангаджи Тарбаев.


Fight Nights Global басшысы Камил Гаджиев FNG 9-дың басты шайқасы қатысушыларының нақты сомасын айта алмады, бірақ әңгіме үлкен ақшада емес екенін түсіндірді.


"Егер Жалғас жеңіске жетсе, бұл ақшамен Ақтөбеден өзіне керегін сатып ала алады. Шамамен 40-50 мың доллар. Ал егер Әли жеңсе, Мәскеуден жаңа автокөлік сатып ала алады", - деп атап өтті Камил Гаджиев. Сондай-ақ, Камил Гаджиев алдағы жекпе-жекте Жалғас жеңіске жететін болса, келесі жылы UFC-пен келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие бола алатынын жеткізді.


Өз кезегінде, қазақстандық спортшы Әли Багаутиновпен жекпе-жек қалай ұйымдастырылса да, өзінің мансабын ММА-да жалғастыратынын айтты.


"Егер жеңіске жетсем, одан кейінгі биіктерді бағындыруға күш саламын. Мен ешқандай жағдайда да тоқтап қалмаймын. Бұл спорт, бүгін жеңіске жетесің, ал ертең біреуге жол беруіңе тура келеді. Әрдайым соңына дейін бару керек", - деді Жұмағұлов. 




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 18:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31