Спорт

Димаштың әніне биледі: Элизабет Тұрсынбаева Бурабайдағы мұз үстінде сырғанады

  • Димаштың әніне биледі: Элизабет Тұрсынбаева Бурабайдағы мұз үстінде сырғанады

    Димаштың әніне биледі: Элизабет Тұрсынбаева Бурабайдағы мұз үстінде сырғанады

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ақмола облысындағы Бурабай курорты көлінде қатып қалған мұзда әдемі би биледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

 
Элизабет Бурабайға алғаш рет барып, "уақытты пайдалы өткізгенін" атап өтті.

"Кеше тұңғыш рет Бурабайға барып қайттым. Тұмса табиғаттың көркін тамсанумен бірге уақытты жақсы өткіздім. Армандарымның бірі орындалды: мен көлде Димаш Құдайбергеннің "Біл" әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты", - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Оның жанкүйерлері "таңғажайып көрініс", "ертегідегідей, өте әдемі" деген жағымды пікірлерді жарыса жазуда. Сондай-ақ олар Қазақстанда көптеген көркем жерлер бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде дүниеге келген. Бірақ ол жарыстарда Қазақстан, Қызылорда облысы атынан өнер көрсетеді.  2019 жылғы әлем чемпионаты мен Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Stan.kz




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 00:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28