Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Динара Сәдуақасова Дүниежүзілік олимпиадаға қатысудан бас тартты

26 шілде 2022, 20:28

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Осы жазда мен Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірқатар міндеттемеге байланысты жауапты шараға дайындала алмадым.

Дегенмен алдағы жарыстарға міндетті түрде қатысамын деген сенімдемін. Бұл үшін негізгі фактор – оқытудың тиісті деңгейіне қажетті барлық ресурстардың жеткілікті мөлшері.

Әрине, бүгін мен барша қазақ спортшыларына күш-қуат, сәттілік тілеймін. Әріптестерімнің абыроймен өнер көрсетіп, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсете алатындарына сенімдімін», – деп жазды Динара Сәдуақасова Facebook-тегі парақшасында.