Спорт

Динара Сұлтанның күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

  • Динара Сұлтанның күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

    Динара Сұлтанның күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

Динара Сұлтанның жолдасы Ерлан Қожасбай лауазымды қызметке келді. Ол Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болды.

Ұлттық федерацияның кезектен тыс конфедерациясында Ерлан Қожасбайды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.

 
Ерлан Қожасбай бұған дейін осы ұйымның вице-президенті болды.

Ерлан Қожасбай мен Динара Сұлтан “Екі жұлдыз” жобасында танысып, көңіл жарастырды. Ерлі-зайыпты Дубай қаласында бірнеше жыл тұрып келді. Арада он жыл өткенде заңды некеге тұрды.

Айта кетейік, Динара Сұлтан мен жолдасының үйлену тойы 2019 жылдың жаз айында дүбірлеп өтті. Алайда әнші жұбайы жайлы ақпаратты құпия ұстауды жөн деп санайды.

"Сынған кесені ешуақытта орнына жабыстыра алмайсың. Шынымен де, өзінің отбасы болды, өзінің үлкен балалары бар. Мен сол кезде жас болсам да, барлығын түсініп тұрдым. Кезінде: "Керек емес шығар" деп айттым. Ол "Сынған ыдысты орнына келтіре алмайсың" деді. Мүмкін жанұяларында бір проблема болған шығар. Ол өз қалауымен ажырасып кетті. Әрине, ол кезде ұрыс-керіс болғаны анық. Мен оны ештеңеден, ешкімнен жұлған жоқпын, тартқан емеспін", – дейді Динара Сұлтан. 

Ерлі-зайыпты ортақ бес баланың ата-анасы. Динара Сұлтанның да, Ерлан Қожасбайдың да алғашқы некесі туралы ақпарат айтылмайды.

Динара Сұлтан 2006 жылы SuperStar.kz сайысына қатысқаннан кейін танымалдыққа ие болады. Әйгілі China Town тобында өнер көрсетті, ал 2009 жылдан бастап жеке әнші ретінде сахнаға шықты. 

stan.kz




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 16:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31