Дмитрий Баландин Ресей чемпионатының жартылай финалына шықты

05 сәуір 2021, 19:20

Ресейдің Қазан қаласында жүзуден өтіп жатқан Ресей чемпионатының 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша қазақстандық Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

 

Спортшы  тиісті қашықтықты 27,62 секундта бағындырып, бсінші орыннан көрінген. Сәтті өнер көрсетудің нәтижесінде ол турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

 

Қоса кетейік, бүгін ерлер арасында 50 м брасс әдісімен жүзуден жартылай финал және финалдық жарыстар өтеді. Жартылай финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де, ал финал 22:36-ға жоспарланған.

 

 

kaz.vesti.kz