Дмитрий Баландин сүйіктісіне ұсыныс жасады – фото

29 қыркүйек 2021, 10:27

Спортшы 2019 жылдың мамыр айынан бері Калифорнияда белгілі бапкер Дэйв Сало жетекшілігімен жаттығып жатыр

26 жастағы Рио-2016 Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин сүйіктісі Кристина Тыныбаеваға ұсыныс жасады.

Толғанысты сәтті бойжеткен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.


25 жастағы Кристина Тыныбаева да спортқа бейім. Ол синхронды жүзумен айналысады.


Дмитрий Баландин – Олимпиадада жүзуден алтын жеңіп алған тарихтағы алғашқы қазақстандық спортшы. Ол 1995 жылы Алматыда туған.

2019 жылдың мамыр айынан бері Баландин Әділбек Мусин және Әділ Қасқабаевпен бірге Калифорнияда белгілі бапкер Дэйв Сало жетекшілігімен жаттығуда.


Шілде айында Кванджуда (Оңтүстік Корея) өткен су спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында Баландин 100 қашықтықты брасс әдісімен 59.03 уақытымен жүзіп өтті. Бұл Қазақстанның жаңа рекорды. Баландин Токио-2020 Олимпиадасына екінші лицензияны ұтып алды, алайда финалда жетінші орынға тұрақтады. 

Ол өзінің сәтті қашықтығы брасс әдісімен 200 метрді 2:08.25 уақытымен өтті.

sputnik.kz