Спорт

Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды

  • Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды

    Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды

 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен.


Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадсының нормативін орындады деп хабарлайды Olympic.kz.


100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады.


Бұл Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы. Сондай-ақ, біздің спортшы 13-ші орыннан көрініп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.


Айта кетелік, Дмитрий Баландин Champions Swim Series әлемдік турнирінде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Олимпиада жолдамасына иелік еткен еді.


100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге бірінші орында британиялық Адам Пити (57,59) тұр. Екінші орынды Илья Шиманович (58,87), үшінші орынды Ясухиро Косеки (58,91) қорытындылап тұр. Жартылай финал бәсекесі бүгін кешке өтеді.


Іріктеуде бақ сынаған тағы бір қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өте алмады.


Olympic.kz.




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.07.2019, 12:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31