Дзюдодан Азия чемпионаты: Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды

05 тамыз 2022, 10:29

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Мағжан Шамшадин Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz сілтеме жасап.
 
Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Шамшадин жекпе-жекті дерлік соңына қарай жеңді.  

Қазақстандық дзюдошы Моңғолиялық қарсыласы Ариунболд Энхтайванға бір ұпай айырмасымен есе жібере тұра әдіс қолданып «иппонды» мерзімінен бұрын жеңіп алды.