"Егер аяқтаса, онда бітті!". UFC-де жұдырықтасатын ресейлік қазақ Хабиб туралы

29 қазан 2020, 14:29

UFC-де өнер көрсететін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов отандасы Хабиб Нурмагомедовтың карьерасын аяқтағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Alaman LIFE YouTube арнасына берген сұхбатында ол Хабибті енді қыруар ақша беріп те қайтару мүмкін емес дейді.

 

"Мойындау керек - ең мықты файтерлердің бірі карьерасын аяқтады. UFC чемпионы - Хабиб Нурмагомедов осы спорт түрінде қолынан келгеннің бәрін жасады, оның рекордын жаңарту қиын болады. Қайталау мүмкін бе? Жоқ деп ойлаймын. Хабиб өз атын тарихқа өте мықты файтер ретінде жазып кетті. Одан үлгі алу ғана қалды.

Карьерасын әдемі аяқтады. Жалпы карьерасында Хабиб айтқанын істеп келді. Меніңше, егер ол кетсе, оны ақша немесе қандайда бір пиармен қайтару қиын болады. Менің ойым - егер ол аяқтаса, онда бітті!" - дейді Ысмағұлов.