Спорт

Екі қазақ спортшысы финалға шықты: біреуі отандасына қарсы шығудан бас тартты

  • Екі қазақ спортшысы финалға шықты: біреуі отандасына қарсы шығудан бас тартты

    Екі қазақ спортшысы финалға шықты: біреуі отандасына қарсы шығудан бас тартты


Испания астанасы Мадирдте каратэдан премьер-лига турнирінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті




НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қайсар Алпысбай отандасы Дархан Асаділовпен кездесуге шығудан бас тартты, деп хабарлайды Olympic.kz. 


60 келі салмақта финалдық кездесу қазақстандықтар Дархан Асаділов пен Қайсар Алпысбай арасында өтуі тиіс болатын. Алайда Қайсар өзінің командаласы Дарханға қарсы шығудан бас тартып, олимпиадалық рейтингте көш бастап келе жатқан Асаділов алтын жүлдегер атанды.


Айта кетелік, бұл салмақта екі қазақстандық спортшы екінші рет финалға шығып отыр. 75 келі салмақта сынға түскен Ермек Айназаров премьер-лига турнирінің финалында франциялық Да Коста Логаннан басым түсті. Негізгі уақыт аяқталарда қарсыластар бір ұпайдан еншілеген. Соңғы шешімді төрешілер айтып, белсенді қимылдаған қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды.


84 келіде ақтық сынға жолдама алған Данияр Юлдашев тәжірибелі түркиялық каратэші Угур Актасқа есе жіберді. Даниярдың еншісінде күміс жүлде бар. Қыздар арасындағы жалғыз жүлдені аса ауыр салмақта күш  сынасқан Софья Берульцева жеңіп алды. Софья финалда грекиялық спортшы, әлем чемпионы Елени Чатзилиададан басым түсті. Осылайша, қазақстандық каратэшілер жылдың қорытынды турнирін жарқын жеңіспен аяқтады. 




 




sputniknews.kz




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 14:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31