Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ел намысын қорғайтын қазақ қанша?

19 қаңтар 2011, 12:07

VІІ қысқы Азия ойындарының басталуына да, ашылуына да санаулы күндер қалды. Дүбірлі дода жақындағанда ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері жариялана бастады.
Әрине, көптеген спорт түрлерінде ел на­мысын кімдердің қорғайтындары әу бас­тан белгілі еді. Десек те, қол қойылып, бе­­­кітілген тізім енді шықты. Бірақ бір күн­нен кейін екі өзгерістің жүзеге асқаны да мә­лім болды. Азия ойындары басталып кет­кенше осындай өзгерістер бола беретін де шығар. Әйтсе де біз қолдағы бар тізімге қа­­рап, ондағы қазақтарды санауға көш­тік.
Тізімде барлығы – 251 адам. Олардың – 168-і спортшы да, 83-і бапкерлер құ­ра­мы мен басшылар. Бапкерлер құрамы деп отырған себебіміз, олардың арасында бас бапкер мен оның көмекшілері ғана емес, ке­­ңесшілері, дәрігері, массаж­шы­ла­ры, ме­нед­­жерлері, шаңғы майлау­шылары, сон­дай-ақ биохимик, психолог, хореограф бар.
Қазағы көп спорт түрлері – бенди (допты хоккей) және фристайл (ак­ро­ба­тика). Пайызға шаққанда, осы екі спорт тү­­рінде қазақтар басым. Қал­ған­да­рында па­­йыздық көрсеткіш әлдеқайда тө­мен. Қа­за­ғы жоқ спорт түрлері де жоқ емес. Конь­ки­мен жүгіруді қойыппыз, мүл­де. Осыдан бі­раз уақыт бұрын «конькиді ой­лап тапқан қа­зақтар екен» деген дақпырт шығып еді. Ал біз өз жеріміздегі Азиадада жү­гіретін бір қазақ конькишісін көре ал­май, пұ­шай­ман болып отырмыз. Содан соң фрис­тайл­дың могул деп аталатын тү­рін­де де қазақ аты­мен жоқ. Қызық, фрис­тайл­дың ак­ро­ба­тикасын меңгереміз, ал мо­гул­ды мүлде ма­ңайламайтын сияқ­ты­мыз.
Ал «алтын ала алатын қазақ бар ма» де­­ген сұраққа «бар болғанда, қандай» деп, қуана жауап беруге болады. «Допты хок­­кейден бас бәйгені шаппай аламыз» деп, алақанымызды ысқылап отырмыз ғой. Ендеше осы спорт түріндегі өрен­де­рі­міз Азиада алтынына қарық қылулары тиіс. Сондай-ақ сенімді ақтап, шайбалы хок­­кейдегі қыз-жігіттеріміз бірінші орынға ие болса, осы екі құрама сапындағы қан­да­с­тарымыздың саф ал­тын­дарына бәй­ге­ден өзіміз бірінші кел­гендей қуанатын бо­ла­мыз. Шаңғымен тұғырдан секіру спор­тын­дағы Радик Жа­паровтан да үмітімізді үз­­бейміз. Кім біледі, мүмкін Ванкувер Олим­­пиадасында көк байра­ғы­мызды кө­те­­ріп шыққан Диас Кенешев пен мәнерлеп сыр­­ғанаушы Абзал Рақымғалиев те жүл­де­ге ілігіп қалар. Бәл­кім, фристайлшы Жі­бек Арапбаеваның ба­ғы жанар.
Ал енді арифметикаға жүгініп, есеп­те­йік. 168 спортшының 27-сі қазақ екен. Бұл па­йыздық көрсеткішке шаққанда 16,07 бо­лады. Сонда Ақ Азиадада ел на­мысын қор­­ғайтын спортшылардың 16 па­йы­зы ға­на – қазақтар.
Ал бапкерлер және басшылар құ­ра­мы­на келейік. 83-тің 12-сі қазақ. Бұл 14,46 па­йыз болады.
Ал бәрін қоссақ (168 спортшы + 83 бап­­керлер құрамы), 251 делегат болады. Бұ­­­лардың 37-сі қазақ. Бұл – тізімдегі 251 адам­­ның 14,74 пайызы ғана қазақ деген сөз.
Бапкерлер құрамы демекші, осы 13 спорт түріндегі бас бапкерлердің төртеуі қазақ (30,77 %). Бұған да шүкір.