Елдос Сметов Қазақстанға Токио Олимпиадасының алғашқы жүлдесін әкелді

24 шілде 2021, 17:16

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос "ваззари" ұпайын иеленді.

 Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді.

Еске салсақ, Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түскенін хабарлаған едік. 

Stan.kz