Спорт

Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль алды

  • Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль алды

    Елдос Сметов Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль алды

 Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде тағы бір қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаевты жеңді.


Токиода (Жапония) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов 60 келіде қола медаль иеленді, деп жазады Азаттық.


Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде тағы бір қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаевты жеңді.


Рио олимпиадасының қола жүлдегері, 2015 жылғы әлем чемпионы Сметов Токиодағы әлем чемпионатында алдымен кувейттік Сауд әл-Амириді, италиялық Элиос Манзиді, йемендік Али Хоусрофты жеңді. Ширек финалда жапониялық Рюджу Нагаямадан (былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) жеңілді. Үшінші орынға таласуға мүмкіндік беретін жұбаныш белдесуінде Сметов тайпейлік Ян Юнг Вэйден басым түсті.


Ал Қырғызбаев алдымен никарагуалық Хулио Молинаны, бразилиялық Филипе Китадаиді, болгариялық Валентин Алипиевті, грузиялық Амиран Папинашвилиді (былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері), ширек финалда қырғызстандық Куанычбек Айбекуулын жеңді. Бірақ жартылай финалда өзбекстандық Шарафуддин Лутфуллаевтан ұтылды.


60 келіде Токиодағы әлем чемпионатының алтынын грузиялық Лухуми Чхвимиани алды. Ол финалда Лутфуллаевты жеңді.


Токиодағы әлем чемпионаты 1 қыркүйекте аяқталады. Әлемдік жарысқа Қазақстаннан 16 спортшы аттанған.


Sn.kz




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.08.2019, 23:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30