Елена Рыбакина теннистен Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

28 шілде 2021, 15:10

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортлшыға қарсылық таныта алмады. 

 Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.